05.11.2025 15:28:00
Дата публикации
Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары, жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев байланыс пен цифрлық инфрақұрылым туралы баяндама жасады.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы (2024–2027 жж.) цифрлық теңсіздікті жою және азаматтардың цифрлық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Соңғы үш жылда телеком саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Елде 20 млн мобильді және 3,7 млн тіркелген абонент бар, интернеттің орташа жылдамдығы — 94 Мбит/с.
2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады, жылдамдық 100 Мбит/с-тен асады. Ауылдық елді мекендердің 90%-ы талшықты-оптикалық желілерге қосылады. 6 179 ауылдың 2 606-сы магистральдық ВОЛС-қа қосылған, 84%-ы мобильді интернетпен қамтылған.
2026 жылдың соңына дейін тағы 3 000 ауыл қосылады, ал 2027 жылға қарай 4 786 ауылға сымды интернет жеткізіледі. Жалпы инвестиция көлемі — 323 млрд теңге. 4G қамтуы 92%-ға жетеді, 5G 20 қалада іске қосылады, 40 мың км автожол байланыспен қамтылады. 504 шалғай ауылға спутниктік интернет жоспарланған.
Қазақстан халықаралық трафик транзитінде стратегиялық рөл атқарады. Каспий теңізі арқылы ВОЛС және гипермагистраль жобалары транзит үлесін 1,5%-дан 5%-ға дейін арттырады. 2030 жылға қарай Tier III–IV деңгейіндегі 9 деректер орталығы салынып, IT-стойкалар саны 4 мыңнан 20 мыңға дейін өседі.
2024 жылы биометрия талаптары арқылы 30 млн-нан астам күмәнді қоңырау бұғатталды. 2025 жылдың тамызынан бастап Starlink спутниктік интернеті ресми түрде қолжетімді. Amazon Kuiper-пен меморандумға қол қойылды, ал SpaceSail секілді басқа провайдерлер 2026 жылға дейін сынақ кезеңінде.