06.11.2025 15:51:00
Дата публикации
Қазақстанда азаматтарды телефон алаяқтарынан қорғауға бағытталған жаңа киберқауіпсіздік шаралары енгізілуде. Енді мобильді банктер пайдаланушы қоңырау шалып жатқан сәтте ақша аударымдарын уақытша бұғаттауға міндетті. Бұл шешімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Ұлттық банкпен бірлесіп қабылдады.
«Микрофон белсенді болған жағдайда қосымша операцияларды автоматты түрде бұғаттайды. Қашықтан басқару белгілері анықталса, функциялар шектелуі немесе толық өшірілуі мүмкін», — деп түсіндірді ҚНРДА.
Сонымен қатар, банктер мен микроқаржы ұйымдары:
Жаңа талаптар банктік жүйелердің кибершабуылдарға төзімділігін тексеру үшін тұрақты аудит пен тәуелсіз тестілеуді де қарастырады.
Банктер мен реттеуші арасындағы киберинциденттер туралы ақпарат алмасу енді автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асады. ҚНРДА мәліметінше, бұл технологиялар алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді.

- жаңа құрылғыдан кіру кезінде биометриялық сәйкестендіру жүргізуге;
- барлық пароль өзгерістері мен қосымшаға кірулер туралы клиенттерге хабарлауға;
- аударым кезінде геолокацияны беру үшін рұқсат сұрауға;
- осалдықтар анықталған жағдайда қосымшаны мәжбүрлі түрде жаңартуға міндетті.