31.03.2026 00:32:00
Дата публикации
Қазақстанда Ақпараттық доктринаны іске асыру жөніндегі Іс‑қимыл жоспары қабылданды. Ол медиасаланы және цифрлық платформаларды реттеудің негізгі бағыттарын айқындайды.
Жоспарда дубляж талаптарын сақтамайтын шетелдік теле‑радиоарналарға әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылған. Бұл ұлттық тілдің рөлін күшейтіп, ақпаратқа тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Онлайн кеңістіктегі оккульттік қызметтерді реттеу көзделген. Платформа иелеріне заңсыз контентке қарсы әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.
Пайдаланушыларды сәйкестендіру шаралары енгізіліп, ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету және анонимді құқық бұзушылықтарды азайту жоспарланған.
Доктрина азаматтардың бейнесін қорғауды күшейтеді: фото және видеоны заңсыз пайдалануға жол берілмейді. ІІ көмегімен жасалған медиаконтент міндетті түрде маркировкадан өтеді.
5G Broadcast технологиясын сынақтан өткізу жоспарланған, ол интернетсіз де мемлекеттік БАҚ‑ты қолжетімді етеді. Құжат заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік органдардың медиақауымдастықпен өзара іс‑қимылын қамтиды.