БІЗ ТУРАЛЫ
Eurasian Digital Foundation – Еуразиялық кеңістікте адамның цифрлық құқықтарын қорғау және Интернет желісін зерттеу жөніндегі жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін құрылған қоғамдық ұйым.
ҚОРДЫҢ МИССИЯСЫ
Әр адамның цифрлық болашағын қамтамасыз ету.
Біз Қазақстан Республикасында және бүкіл Еуразиялық кеңістікте сенімге, технологиялық ілгерілікке және инновацияларға негізделген қауіпсіз цифрлық ортаны қалыптастыруға ұмтыламыз.
Қор адамның цифрлық құқықтарын қорғау және интернет-реттеу кезінде желілік қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау идеяларын дамытып, алға жылжытады.
Қор интернет желісіндегі заңнамалық және құқық қолдану процестерін зерделеуге және өзгертуге бағытталған жобаларды іске асырып, қолдайды, сонымен қатар киберкеңістікті ұлттық реттеуді жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді.
ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ
Заңнаманы талдау
Жұмыс топтарына қатысу
Ұсынымдарды әзірлеу
Іс-шараларды ұйымдастыру
ЦИФРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
Біз цифрлық құқықтарды қорғау жөніндегі халықаралық коалициялардың қатысушылары болып табыламыз, жаһандық және өңірлік науқандар мен іс-шараларға қатысып, әртүрлі елдердің сарапшыларымен және ұйымдарымен ынтымақтасамыз.