04.01.2026 16:56:00
Дата публикации
Eurasian Digital Foundation қоғамдық қорының заңдық тәжірибе жетекшісі Елжан Қабышев күтілетін өзгерістер туралы сараптамалық пікір білдірді.
2025 жылдың 17 қарашасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды. Заң күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Жасанды интеллект жүйелері ақпараттандыру нысаны ретінде анықталды. Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады», – деп жазды Ақорда.
Заңдылық, әділеттілік, теңдік, ашықтық және түсініктілік, адам игілігіне басымдық беру, оның шешім қабылдаудағы еркіндігі, деректерді қорғау және құпиялылық, қауіпсіздік пен қорғаныс қағидаттары бекітеді деп таныстырылған заң бас-аяғы 31 баптан тұрады.
Қолданушылардың басқа да құқықтары
Заңнын 16-бабы адамның жасанды интеллект жүйелерімен өзара әрекеттесуінің негізгі ережелерін реттейді. Яғни, адамның немен, қандай жағдайда және қандай салдармен өзара әрекеттесетінін түсіну құқығын бекітеді. Пайдаланушы жүйенің жұмыс істеу ережелерін білуге, сондай-ақ өзінің дербес деректері мен құпия ақпаратын қорғауды талап ете алады.
Пайдаланушының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын жасанды интеллект шешімдері бойынша түсініктеме ала алады. Бұл әсіресе алгоритмдер бағалауға, іріктеуге немесе шешім қабылдауға қатысатын жағдайларда маңызды — мысалы, қызмет көрсету, қаржы, контент немесе ақпаратқа қол жеткізу.
Сондай-ақ пайдаланушы жасанды интеллект қандай да бір шешім қабылдауға негіз болған деректер туралы ақпаратты сұрату құқығын алады. Баптың маңызды элементі деп заң бойынша (мұндай өзара әрекеттесу міндетті болмаса) адамның ЖИ-мен өзара әрекеттесуден бас тарту құқығы бар екенін айтуға болады.
Озық, бірақ мәселе жоқ емес
«Eurasian Digital Foundation» қоғамдық қорының заңгерлік тәжірибе басшысы Елжан Қабышев заңның жұмыс тобында болғанын, ұйымның ұсыныстары ескерілгенін айтады.
Оның сөзінше, қазақстандық модель озық тәжірибелермен, бірақ ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, белгілі бір дәрежеде үйлесімділікті көрсетеді. Ол Қазақстан Еуроодақтың ЖИ туралы заңындағы негізгі тәуекелге бағдарланған тәсілді бейімдегенін айтады. Яғни тәуекел деңгейлері бойынша жүйелерді жіктеу және тыйым салынған тәжірибелердің «қара тізімі» (манипуляциялар, әлеуметтік рейтиң) еуропалықтармен іс жүзінде бірдей.
ЭЫДҰ және ЮНЕСКО қағидаттарына сәйкестік заңда бекітілген ашықтық, есеп берушілік және адамға бағдарлану қағидаттары арқылы қамтамасыз етіледі. Негізгі айырмашылық институционалдық бөлікте: ЕО-дағы сияқты тәуелсіз қадағалау органдарының орнына Қазақстанда бейінді Министрлік пен платформа Операторы арқылы орталықтандырылған басқару моделі қолданылады, бұл, сірә, цифрлық дамуды жеделдету қажеттілігінен туындаған сияқты.
Бұдан бөлек, сарапшы аталған заң мемлекеттік-инфрақұрылымдық әріптестік моделін құратынын айтады. Бұл тұста тепе-теңдікке келісім арқылы қол жеткізілген — мемлекет Ұлттық жасанды интеллект платформасын құру және бизнес үшін есептеу қуатын (суперкомпьютер) қамтамасыз ету арқылы реттеуші ғана емес, сонымен қатар нарық драйвері рөлін атқарады, бұл гипотетикалық түрде стартаптарға кедергіні азайтуға көмектеседі.
Бизнес құқықтық анықтама мен ресурстар алады, бірақ оның орнына заңнаманы, әсіресе ЖИ контентті таңбалауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға міндетті. Азаматтардың құқықтары тыйым салу және ашықтықты талап ету жүйесі арқылы қорғалады, дегенмен мемлекеттің платформа операторы және реттеуші ретіндегі рөлі оны осы үш тараптың басым ойыншысына айналдырады.
Дегенмен Елжан Қабышевтың сөзінше, биометриялық деректердің құпиялылығы алаңдатады. Ол сарапшы ретінде манипуляциялық әдістер мен әлеуметтік скориңді қолдануға тікелей заңнамалық тыйым салуды оң бағалайтынын айтады.
Алайда эмоцияларды тануды қолдану тәжірибесі бақылау аймағы болып қала береді (17-бап). Заң келісім болған жағдайда бұл технологияға рұқсат береді. Біздің сарапшы ретіндегі міндетіміз — еңбек ұжымдарында, оқу орындарында және басқа жерлерде жеке өмірді қорғаудың формалды тәсілін болдырмау үшін бұл келісімнің мәжбүрлі емес, шын мәнінде ерікті болуын, сондай-ақ шын мәнінде негізді болуын қадағалау.
Мұнда сарапшының айтып отырғаны заңның 17-бабы. Бұл бап ЖИ жүйелері пайдаланушылардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігіне әсер ету дәрежесіне қарай бөледі (аз әсер ететін қауіп-қатер дәрежесі, қауіп-қатер дәрежесі орташа жүйелер және қауіп-қатер дәрежесі жоғары жүйелер).
Осы баптың 3-тармағы:
жеке тұлғаның мінез-құлқын бұрмалайтын және саналы түрде шешімдер қабылдау қабілетін шектейтін немесе зиян келтіруі немесе зиян келтіру қатерін төндіруі мүмкін шешімдер қабылдауға мәжбүрлейтін түпсаналық, манипуляциялық немесе өзге де әдістерді пайдалануға;
адамға зиян келтіру немесе зиян келтіру қатерін төндіру мақсатында жасына, мүгедектігіне, әлеуметтік жағдайына және кез келген өзге де мән-жайларға байланысты жеке тұлғаның моральдық және (немесе) физикалық осалдылығын пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір уақыт кезеңінде жеке тұлғалардың немесе адамдар тобының әлеуметтік мінез-құлқының немесе мәлім болған, көзделетін немесе болжанатын жеке қасиеттерінің негізінде оларды бағалау және сыныптауға;
Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұза отырып дербес деректерді жинау және өңдеуге;
жеке тұлғаларды олардың нәсілі, саяси көзқарастары, діни тиесілілігі жөнінде және жеке тұлғаны қандай да бір кемсіту үшін пайдалану мақсатында кез келген өзге де мән-жайлар (өлшемшарттар) бойынша тұжырымдар қалыптастыру үшін олардың биометриялық деректері негізінде сыныптауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғаның келісімінсіз оның эмоцияларын айқындауға;
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жасанды интеллект жүйелерін құру және олардың қызметі нәтижелерін тарату сияқты функционалдық мүмкіндіктердің біріне ие жасанды интеллект жүйелерін Қазақстан Республикасының аумағында құруға және пайдалануға тыйым салады.
Қандай жаза қарастырылған?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің де «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасын бұзу» деп аталатын 641-бабы толықтырылды. Енді кодекстің 641-1-бабына сәйкес, ЖИ контентті таңбаламағандар мен ЖИ иелері қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллект жүйелері қауіп-қатерлерін басқармаған жағдайда жеке тұлғаларға — он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Қорытынды
Жалпы алғанда бүгінде ЖИ-дің кейінгі кездегі жылдам дамуына байланысты әлемдегі түрлі үкімет осы жаңа технологияны реттеу үшін жасанды интеллектке қатысты көбірек заңдарды, саясатты және стратегияларды енгізіп жатыр. Кейінгі деректерге сай, бүгінде 72 елде (немесе аймақта) ЖИ-ге байланысты арнайы саясат немесе стратегия енгізілген. Қазақстан арнайы заң енгізген елдер қатарында. Дегенмен бүкіл әлем үшін арнайы модельдің жоқтығы мен ЖИ технологиялардың дамуына байланысты заңымыз әлі талай өзгереді деп топшалауға болады.
Источник: Factcheck.kz — https://factcheck.kz/kaz/adam-quqyqtary/kazakstannyn-zhi-turaly-zany-cifrlyk-omiriniz-kalay-ozgeredi...

Бұл заң қазақстандықтардың цифрлық өмірін қалай өзгереді, цифрлық құқыққа қалай әсер етеді? Factcheck.kz редакциясы заңға шолу жасап, сарапшылармен сөйлесті.
Таңбалау — міндетті
Бәлкім желі қолданушылары мен жасанды интеллект арқылы контент жасаушыларға әсер ететін маңызды бап — заңның «Жасанды интеллект жүйелерін пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету» деп аталатын 21-бабы. Бұл талапқа сай, желіде жарияланған сурет немесе видео, тіпті мәтін ЖИ арқылы жасалса, оны арнайы таңбалау міндеттеледі.
«Пайдаланушылар тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жасанды интеллект жүйелері пайдаланыла отырып өндірілгені немесе көрсетілетіні туралы хабардар етілуге тиіс», – деп жазылған 21-баптың 1-тармағында. Яғни, осы баптың бірінші тармақшасы кәсіпкерлерге де міндет жүктейді: тауар, қызмет немесе жұмыс жасанды интеллектті қолдана отырып жасалғаны туралы ескертуі керек. Мысалы, сіз такси қызметіне не тамаққа тапсырыс берсеңіз, тапсырысыңызды ЖИ жүйелері арқылы өңдесе, сіз бұл туралы хабардар боласыз.
Ал аталған баптың 2-тармағы келесідей.
Жасанды интеллект жүйелері қызметінің синтетикалық нәтижелерін олар машина оқитын нысанда таңбаланған және қабылдауды қиындататын әдістер қолданылмай, пайдаланушының осындай қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін көрнекі нысанмен не өзге де ескерту нысанымен сүйемелденген жағдайда ғана таратуға жол беріледі.
21-бап, 2-тармақ
Бірақ аталған баптың 3-тармағына сай, мұндай міндет жасанды интеллект жүйелері қызметінің меншік иелеріне жүктеледі.
Бұл бап дезинформациямен күрес тұрғысынан алғанда айтарлықтай пайдалы деуге келеді. Ол пайдаланушыларды манипуляциядан және жалған ақпарат таратудан, соның ішінде дипфейк пен автоматты түрде жасалған контенттен қорғайтын ережелерді енгізеді.
Машинамен оқылатын таңбалау келесідей дүниелерге мүмкіндік береді:
платформалар мен фактчекерлердің ЖИ-контентті анықтауын жеңілдетеді;
синтетикалық материалдардың тарауын қадағалайды;
медиада және әлеуметтік желілерде дипфейктердің жаппай тарау қаупін азайтады.
Мысалы, биыл Жеңіс күні қарсаңында Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер мен танымал журналистер «Мәңгілік полк» шеруі өтетінін айтып жатқан жалған ақпарат пен дипфейк тарады. Видеоларда олар шеруге шығуға шақырған немесе өздері қатысатынын хабарлаған-мыс.
Интернетте Ғазиза Райымбек, журналистер Әсем Жәпішева мен Динара Сәтжан, премьер-министр Олжас Бектенов, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың дипфейк бейнелері тарады.
Авторлық құқық пен ЖИ
23-бап жасанды интеллект туралы пікірталастағы даулы мәселелердің біріне қатысты — ЖИ көмегімен жасалған контенттің авторлық құқығы кімге тиесілі екенін реттейді.
Жасанды интеллект жүйелері пайдаланылып жасалған туындылар олардың жасалуына адам шығармашылық үлес қосқан жағдайда ғана авторлық құқықпен қорғалады.
23-бап, 1-тармақ
Бірінші тармақ ЖИ көмегімен жасалған туындылар адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда авторлық құқықпен қорғалады. Яғни, адам күш салмаған автоматты түрде жасалған мәтін, сурет немесе бейне толыққанды құқықтық қорғауға жатпайды.
Баптың екінші тармағы мәтіндік сұрауларды (промптарды), адамның зияткерлік шығармашылық қызметінің нәтижесі болса авторлық құқық объектілері деп таниды.
Дегенмен екі тармаққа да сұрақ көп. Біріншіден, адамдар қандай да бір ЖИ-дің туындысына шығармашылық үлесі бар екенін қалай дәлелдейді? Екіншіден, адам басқа бір тұлға оның промптын ұрлағанын қалай біледі жене қалай дәлелдейді?
Ал үшінші тармақ туындыларды білім беру және ғылыми мақсаттарда еркін пайдалану жағдайларының тізімінен ЖИ-ді оқытуды алып тастайды. Яғни, жасанды интеллектіні оқыту үшін журналистік мәтіндерді, фотосуреттерді және зерттеулерді жаппай пайдалану заңсыз.
4-тармақта жасанды интеллектті оқыту үшін туындыларды (мәтіндер, суреттер, музыка және т.б.) пайдалану авторлық құқық әдетте жүзеге асырылатын әрекеттердің: көбейту, тарату, өңдеу, көпшілікке көрсету және т.б. аясына кірмейді деп болжанады.
Туындыларды жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін пайдалану қайта шығаруды, таратуды, қайта өңдеуді, көпшілікке көрсетуді, орындауды, эфирде беруді немесе кәбіл бойынша хабарлауды, жалпы жұрттың назарына жеткізуді және Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді қоса алғанда, олардың автордың жеке мүліктік емес және мүліктік (айрықша) құқықтарына жататын нысандарда пайдаланылуын көздемейді.
23-бап, 4-тармақ
Бесінші тармақта былай деп ескертіледі: «Туындыларды жасанды интеллект модельдерін оқып-үйрену үшін пайдалануға автордың немесе құқық иеленушінің тарапынан машина оқитын нысандағы тыйым салу болмаған кезде ғана жол беріледі». Бұл тармаққа қатысты проблема болуы мүмкін, себебі ірі платформалар мен БАҚ-тан айырмашылығы, өз жұмыстарын (иллюстрациялар, фотосуреттер, қысқа шығармалар) онлайн жариялайтын көптеген жеке автор іс жүзінде әрқашан машина оқитын тыйым қоя алмайды.