Скопировано

Meta тағы да бақылау жүргізді — онлайн құпиялылығыңызды қалай қорғауға болады

26.06.2025 13:34:00
Дата публикации
2025 жылы зерттеушілер Meta компаниясы (Facebook пен Instagram иесі) қолданушыларды бақылаудың жаңа әдісін әшкереледі. Компания интернеттегі әрекеттерді қадағалау үшін, тіпті қолданушылар IP-ді жасырып, инкогнито режимін қосқанда да, айналма тәсілдерді пайдаланған.

Meta сайттарға арнайы код — «Meta пикселін» орналастырған. Бұл код қолданушы не оқитынын, не басатынын және қандай деректерді енгізетінін тіркеген. Сарапшылардың айтуынша, бұл пиксель әлемдегі ең көп қаралатын сайттардың 20%-на енгізілген.

Ең алаңдатарлығы — бұл код Facebook пен Instagram қосымшаларына тікелей байланыстырылған. Яғни, Meta Android жүйесіндегі қорғаныс тетіктерін айналып өтіп, сіз ештеңе жарияламасаңыз да, деректеріңізге қол жеткізе алған.

Бұл әрекеттер жасырын түрде орын алған — қолданушылар да, сайт иелері де бұл жайлы білмеген. Әшкереленгеннен кейін Meta бұл тәсілді уақытша тоқтатты, бірақ мұндай әрекеттердің қайталанбасына еш кепіл жоқ.

Бұл жағдай компаниялардың жарнама үшін техникалық олқылықтарды қалай пайдаланып жүргенін көрсетеді, дейді Electronic Frontier Foundation (EFF). Оларды сіз не оқитыныңыз емес, сізге қандай жарнама сату маңызды.

Мамандар мыналарды ұсынады:
– Brave, DuckDuckGo немесе Firefox (жақсартылған қорғаныспен) секілді браузерлерді пайдалану;
– Facebook пен Instagram қосымшаларының ішіндегі сілтемелерді сыртқы браузерде ашу;
– сирек қолданылатын қосымшаларды жою;
– екі факторлы аутентификацияны (2FA) қосу және құпиясөзде туған күн, есім секілді мәліметтерді қолданбау.

Компьютерге Privacy Badger кеңейтімін орнатуға болады — ол бақылаушыларды автоматты түрде бұғаттайды.

Meta компаниясы қолданушылар туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым көп табыс табады. Сондықтан ең тиімді қорғаныс — сандық "ізіңізді" азайтып, компаниялардан дербес деректерді қорғау заңдарын сақтауын талап ету.

«Интернеттегі құпиялық тек сарапшылар үшін емес — бұл әр адамның құқығы», — дейді EFF.