Скопировано

Колумбияның Конституциялық соты биліктен елдегі интернетті өшіру мәселелеріне қатысты ашықтықты талап етуде

Дата публикации
Конституциялық сот өз шешімінде интернеттегі сөз бостандығын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.
Access Now құқық қорғау ұйымы елдегі интернетті өшіруге қатысты соңғы шулы сот шешімдерінің бірі туралы ақпаратты жариялады.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Колумбия Конституциялық соты 2021 жылдың сәуірінде болған ұлттық ереуіл кезінде интернеттегі іркілістерге қатысты қаулы шығарды.

Сол кезде жүздеген мың адам президент Иван Дукенің салық реформасына қарсылық білдіру үшін көшеге шықты. Наразылықтар басталғаннан кейін көп ұзамай электр және оптикалық-талшықты желілер ажыратылды, байланыс инфрақұрылымының қызметі бұзылды және журналистер сигналды басқыштардың ықтимал қолданылуы жөнінде хабарлады.

Осыдан кейін бірқатар азаматтық қоғам ұйымдары биліктің желілердегі іркілістерге қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында Конституциялық сотқа мүдделерді қорғау туралы талап арыз берген болатын.


Сот шешімі

Конституциялық сот өз шешімінде интернеттегі сөз бостандығын қорғаудың маңыздылығын атап өтті.

  • Сонымен қатар, сот мемлекеттің барлық азаматтар үшін интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету және бұл қол жетімділікке араласпау міндетін атап өтті.
  • Конституциялық сот 2021 жылғы наразылықтар кезінде Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлігі мен Ұлттық Қорғаныс министрлігінің интернет-сервистердің үзілуі туралы жауаптарын талап етуді қоса алғанда, бірқатар қаулылар шығарды.
  • Сондай-ақ, оқиғалардың ауқымын, кінәлі және байланыстың қайта өшуіне жол бермеу үшін қабылданған шараларды анықтау мақсатында тергеу жүргізу ұйғарылды.

Интернет-шатдаун жағдайларының ауырлығын және мемлекеттік күштер әрекет ете алатын іс-қимыл еркіндігін ескере отырып, сот сонымен қатар Колумбия Конгресіне сигналды өшіру құрылғыларын сатып алу мен пайдалануды реттеуді ұсынды.

⇒ Колумбия Конституциялық сотының қаулысы сөз бостандығын, интернетке қол жетімділікті қорғаудағы айтарлықтай ілгерілеуді білдіреді және интернет-шатдаундар кейстері бойынша шешуші прецедент қалыптастырады.


Колумбия сотының шешімі бойынша Access Now материалының толық аудармасын келесі сілтеме бойынша оқыңыз: shutdown.kz/news/colombia-constitutional-court-resolution-on-shutdowns